Кеше Алматы облыстық, «Қапшағай» мешітінде «Сауабы сарқылмас-Уақып» қайырымдылық акция аясында 250 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Әр отбасыға шамамен 20 келіден астам қажетті азық-түлік салынған қорап таратылды. Көмек алушылардың қатарында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар. Сонымен қатар Бас имам Мадияр Пірімқұлов мырза қайырымдылық бағытындағы ауқымды акцияның жыл бойы жалғасатынын жеткізді.

Облыстың Бас имамы Қонаев қаласының тұрғындарына әр сынақтың уақытша екенін түсіндіріп, жиналған қала тұрғындарына бата жасады.