Облыс имамы Іле ауданындағы іс –сапарында әуелі дін саласында аянбай қызмет етіп келе жатқан қызметкерлермен аудандық орталық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде жиын өткізуімен бастады.

Пірімқұлов Мадияр қажы Іле ауданына қарасты ауыл имамдарымен жеке-жеке танысып, ҚМДБ-ның жеті бағыт бағдарын басшылыққа ала отырып одан ары жұмысты күшейту керек екендігін атап айтты. Аудан имамы Тәңірберген Дархан қажы аудан көлеміндегі орындалатын жоспарларымен бөлісіп, жарты жылдық есебінен мәлімет берді. Жиын соңында облыс имамы Іле аудандық зекет қорының ұйытқы болуымен « Күшіміз бірлікте » атты жүз отбасыға арналған қайырымдылық шарасына қатысып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстады. Іс –сапар барысындағы маңызды іс-шаралардың бірі болған Алматы облысы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Жаназа рәсімдері» атты семинарында діни рәсімдер қазыргі таңда өте өзекті мәселе екендігін тілге тиек етіп, іс-шара шымылдығын алғашқы болып ашып берді. Және «Арын қажы» мешітінде де ер адамдар арасындағы Іле ауданы бойынша «Құранның 29-шы парасын жатқа оқу және қазақша мағынасы» атты байқауға куә болған жамағатпен жүздесіп, Ерлан Ақатаев ұстаз төрелік еткен жүзден жүйрік шығып бірінші орынды қанжығасына байлаған Екпін Бағдарсын (кіші қажылық), екінші орынды иеленген Дастан Айдосұлы (100 000 тг), ал үшінші орынды қанағат тұтқан Жұматай Білал атты (50 000 тг) жеңімпаздар мен қатысушыларды мараппаттады.

Облыс бас имамы Іле ауданына қарасты Казцик ауылында салынып жатқан үш қабатты қайырымдылық мекемесіне арнайы ат басын бұрып, құрылысымен танысып , қарқынды жұмыстарына ризашылығын білдірді. Өңірдің бас имамы «Аққу» мейрамханасында арнайы зағип жандарға арналған игі шараның мән мағынасын түсіндірді. Зағип жандарға сый-сияпаттар табыстап, баталарын алды. Облыс имамы Мадияр Пірімқұлов Іле ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берумен іс-сапарын аяқтады.

Іле ауданы бойынша баспасөз қызметі.