Салт-дәстүр бағыты бойынша Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің бас имамы Дархан Аманұлы және Алматы облысының әйел-қыздар секторының жетекшісі Майгуль Айтбайқызының ұйымдастыруымен Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр»мешітінде «Ең үлгілі отбасы»  сайысы өтті.

Шараға Іле ауданына қарасты он ауылдан он отбасы қатысты. Таңыстыру сөзі ауданның бас имамы Дархан Аманұлына берілді. Аудан имамы Әділқазылар мүшесін таңыстырды, қатысушы ер жамағатына Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің бірінші найб имамы Дәуренбек Жандосұлы және ҚМДБ-ның заңгері Дәулетияр Сағитжан мырза төрелік етті, ал әйел жамағатына Іле ауданына қарасты Шукурбаева Азиза және Андасбаева Бағила ұстаздар төрешілік етті. Дархан Аманұлы отбасылық сайыстың мақсатынмен мән мағнасын айтып өтті. Сөз сонында отбасылық сайыстын тәртібін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Әкесіне сұрақ-жауап қойылып, балаларға қысқа сүреден жатқа Құран оқытты. Ал аналары болса  тапсырмаға сай тәтті тағам пісіріп, оған әділқазылар мүшесі өздерінің бағасын берді. Жүзден жүйрік демекші Іле ауданы бойынша «Ең үлгілі отбасы» сайысына қатысып, бірінші орынға Казцик ауылы «Жайсанбаевтар» отбасы қол жеткізді. Екінші орынды Қараой ауылы «Сутбаевтар» отбасы иеленсе,ал Үшінші орынды Водник ы/а Тулукбаевтар отбасы қаңағат тұтты. Айта кетсек бірінші орынға Тоңазытқыш, екінші орынға Кіржуғыш машинасы, ал үшінші орынға Газ пеші беріліп және барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді. ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкіл имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы отбасының құндылығы  жайында уағыз айтып, қатысушы отбасыларды Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтарын табыстады. Сайыс сонында Дәулетияр Сағитжан мырза көпшілікке батасын беріп, мерекелік дастархан жайылды.