Қарасай ауданына қарасты мешіттердің I-ші тоқсанның есебін беру  жиыны  Қадір Иманқұл мешітінде болып өтті.

Қарасай ауданының  бас имамы  Дәуренбек  Жандосұлының  бастамасымен айлық көшпелі жиналыс жалғасын тауып келе жатыр. Бұл жолғы жиналыс  I-ші тоқсанның қорытындысы  және Рамазан айындағы іс-шаралардың  есебімен ерекшелінді. ҚМДБ-тарапынан бекітілген жеті бағыт бойынша есептер тыңдалды. Жиналыс барысында аудан имамы тоқсандық  есепті үздік тапсырған ауыл мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, имамдардың еңбектерін бағалап сыйлықтар берді. Жалпы ортақ мәселелер  жайлы ескертулер айтылды. Есеп беру барысында аудан имамы I-ші тоқсанда   жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.

Ауыл-аймақтарда орналасқан  мешіттердің жағдайымен танысу әрі  тәжірбие алмасу мақсатында көшпелі жиынның берері көп екендігі мәлім.

Қарасай ауданы бойынша баспасөз қызметі.