Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанаты және Райымбек ауылдық округінің әдіскер нұсқаушысы Дүйсенбеков Жасұланның ұйымдастыруымен Алматы облысы бас имамының орынбасары,

Қарасай ауданының «Түркістан» мешітінің бас имамы - Дәуренбек Жандосұлының келісімімен 2022-ші жылға арналған АТТ жоспарына сәйкес,Қарасай ауданы діни оңалту бөлімінің жауапты өкілі ,ЖАНТ мүшесі «Шабдарұлы Смағұл-Сәрсенбайұлы Еркінбай»  мешітінің имамы Аманкулов Босымханның қатысуымен  «Жат ағым ұлтқа қауіп» тақырыбында  кездесу өтті. Кездесуге  К.Әзірбаев атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімдерімен басқа діни ағымдарға өтіп кетпеу және  жат ағымдарға жол берілмеуі мақсатында кездесу  ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз: Ауыл тұрғындарына дұрыс бағыт-бағдар беру.

Қарасай ауданының баспасөз қызметі