Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің бас имамы Дархан Аманұлы және Алматы облысының әйел-қыздар секторының жетекшісі Майгуль Айтбайқызының ұйымдастыруымен

Іле ауданының барлық  мешіттерінде мұсылманның екі мейрамының бірі Рамазан айт мейрамы  аталып өтті. Келешек ұрпақ берекелі күнді сезінсін деген оймен ізгі амалдар мешіт ауласынан  көрініс тапты. Аудан бойынша 500 балаға Ораза айт құтты болсын сыйлықтары табысталды. Және Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде бүлдіршіндерге  500 дана балмұздақ , 500 дана шырын суы мен басқада сыйлықтар табысталды. Балалар мәз мейрам болып, шаттыққа бөленді . Айт мейрамының құрметіне  мешіт жамағатына мерекелік дастархан жайылып, аудан имамы Дархан Аманұлы жиналған жамағатты Ораза айт мейрамымен құттықтап, игі шараға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Аудан имамы мұқтаж отбасылардың үйлеріне барып, айт мейрамымен құттықтап азық-түлік қорабын табыстады.