Алматы облысы, Талғар аудандық «Әбу Бәкір Ас – Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен  Алматы облыстық «Құран және Сира» бойынша жарыс өтті.

 Аталмыш шараға ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы қатысып, Қадір кешінің қасиеті және Құран жаттаудың сауабы мен берекесі туралы уағыз насихатын айтып, ұстаздар мен шәкірттерге ізгі тілегін жеткізді.

Жалпы Алматы  аймағында жамағаттың Құран жаттауға деген ықыласын арттыру мақсатында мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Алматы облыстық  Құран Кәрімнің 29 – 30 парасын жаттау  және Сирадан пайғамбарымыздың өмірін білу бойынша  өткен жарыс нәтижесінде ІІІ орынды Сейтқали Сұлтанәлі,  ІІ орынды Кежеұлы Ақжол, І орынды Инаятуллаев Ануар иеленді. Жеңімпаздарға ІІІ орынға 100 000 теңге, ІІ орынға – 200 000 теңге, І орынға  Ұмра қажылығына жолдама берілді. Марапатты  Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы салтанатты түрде табыстап, жеңіпаздарға сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2022 жылды   «Ислам –ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жариялануына орай  Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты мешіт имамдарына арналған діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру семинары өтті. Семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы,  Алматы аймағы бойынша  бас имам  Қуаныш Бақытбекұлы, қала-ауыл имамдары қатысты. Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы «Имамдық этикасы және жамағатпен қарым – қатынас әдептері» тақырыбында дәріс өткізіп, фиқһ мәселелері бойынша кеңінен мағлұматтарды баяндады. Іс шара соңында ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылып, бата жасалды. 

 Алматы аймағы бойынша баспасөз қызметі.