Қарасайлықтар қарттарды құттықтады

       Қарияларымыз халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалған.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз.

      Қарасай ауданына қарасты мешіт имамдары  қарттарды төл мерекелерімен құттықтады. Қарияларға арналған қайырымдылық іс-шарасында дін қызметкерлері ақсақалды ата мен  ақжаулықты ана-апаларға сый-сияпат тарту етті. Өз кезегінде қариялар имамдардың қарт кісілерді қоғамнан қалыс, көңілден таса қалдырмай арнайы зиярат етіп келгеніне ризашылықтарын білдіріп, ақ жүректен алғыс айтып, батасын берді.

       Айта кету керек, қарияларымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жері бір береке! 

          Ал қарасайлық дін қызметкерлері  мұндай мазмұндағы игі шаралары бір бұл емес. Осы уақытқа дейін дін қызметкерлері аудандағы Қарттар және балалар үйінде жиі жүздесулер ұйымдастырып келеді. Әртүрлі қайырымдылық шараларынан қамкөңіл жандарды қалыс қалдырмай, қарайласуды дәстүрге айналдырған.

     Алматы өңірінің баспасөз қызметі

 

 

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS