Қарасай ауданында  «мектепке жол» қайырымдылық науқаны рет-ретімен өтуде. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көпбалалы отбасылардың балалары қамтылды.

Карантин талаптарын сақтай отырып,  «Апорт» сауда ойын сауық кешеніне апарып, 30 бүлдіршінді толықтай киіндіріп, мектепке қажетті құрал –саймандарға сыйға тартылды. Мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында бүлдіршіндерге дастархан жайылды.

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, акцияға атсалысқан демеуші жандарға, дін қызметкері Жанабіл Жұмабаевқа да өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып  отырған қолдау екенін атап өтті.