Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты мешіттер арасында көшпелі  жиналыс  басталды.

 Қарасай аудандық «Түркістан»  мешітінің бас имамы Жандосұлы Дәуренбек қажының бастамасымен ауданға қарасты мешіттер арасында айлық көшпелі жиналысы қолға алынды. Ауыл-аймақтар мен шалғайда орналасқан елді-мекендердегі мешіттердің жағдайымен танысу әрі  тәжірбие алмасу мақсатында көшпелі жиынның берері көп екендігі мәлім.

Олай болатын болса алғашқы көшпелі жиналыс Қаскелең қалалық « Көжекбай » мешітінде болды. Жиналыс барысында қазыргі қмдб-ның негізгі тапсырмалары  түсіндірілді. Атап айтатын болсақ ихсан ілімі,оңалту,халал,пәтуә,ақпарат және қоғам бөлімдеріне байланысты есептер тыңдалды. Мүфтият және өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың  орындалу  барысы, мешіттердегі онлайн уағыз-насихат және  діни сауат ашу курстарының жұмысы, кереғар ағым өкілдерімен жұмысты жан-жақты жүргізу жұмысын жандандыру барысы т.б. мәселелер қаралды. Имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Қарасай ауданы бойынша баспасөз қызметі.