«QURBAN-2021» акциясының қорытынды есебі

Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша  өкілдігінің «QURBAN-2021» акциясының  қорытынды есебі

 

      Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тікелей бастамасымен  «QURBAN-2021»  Сайт арқылы Алматы өңірі бойынша  жалпы саны – 58 төрт түлік малды құрбандық шалуға сенім білдірсе, qurban2021.kz сайтына 337 мұқтаж көмек сұрап өтініш қалдырған. Алматы өңірі бойынша   555 діни қызметкер, мешіт жамағаттары, еріктілер қамтылды. Өңір бойынша жалпы 654 қой, 37ірі қара, 1түйе 12 ешкі құрбандыққа шалынып,  4052 отбасына  құрбандық  еті соның ішінде көп балалы және жағдайы төмен отбасылар, мұқтаждар, зағиптар, балалар және қарттар үйлеріне   таратылды. Уәде етілгендей құрбан шалушылардың барлығына бейне есеп жолданды. Құрбан малдары шариғат талаптарына сай сойылып, мұқтаждарға дер кезінде  үлестірілді. 

      Осылайша, облыс бас имамы Бақытбекұлы Қуаныш  бастаған жұмыс тобы қашықтан құрбан шалу шарасының сәтті аяқталуына шүкір айтып, барша азаматтарға алғысын жеткізді.

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі

 

 

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS