Алматы облысы бойынша пәтуа бөлімінің жауапты өкілі Ниетуллаев Марат пен Қарасай ауданының Бас имамы Жандосұлы Дәуренбек мешіттердің тыныс-тіршілігімен  жіті  танысты.

 

    Атап айтатын болсақ жуырда ғана ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған  Қарасай аудандық «Түркістан»  мешітінің бас имамы Жандосұлы Дәуренбек қажының алғашқы жұмысы   мешіт-медреселердің тыныс-тіршіліктерімен танысып, имамдармен жүздесу болды.

    Сондай-ақ, кездесу барысында ауданға қарасты мешіт имамдарынан мешіттің тазалығы, қыс мезгіліне дайындықтары, мешіттің кітапханасы мен пайдаланатын діни әдебиеттер және санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді. Іс сапар барысында ауданның бас имамы қызметкерлер мен мешіт ғимаратының құжаттарын электрондық һәм қағаз жүзіндегі мұрағатын қалыптастыру керек екендігін атап айтты. 

    Мүфтият және өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, мешіттердегі онлайн уағыз-насихат және  діни сауат ашу курстарының жұмысы, кереғар ағым өкілдерімен жұмысты жан-жақты жүргізу, құрылысы жүріп жатқан әрі күрделі жөндеуден өтіп жатқан мешіттердің жұмысын жандандыру барысы т.б. мәселелер қаралды.

    Ауданның  жаңа  бас имамы мешіттерді аралап, ұсыныс-өтініштерін тыңдап, пікір алмасты.