Аса қамқор , ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрбан айт құтты болсын  қадірлі  жамағат!

 

Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айт күндерінде мұсылман қауымы Алла жолында құрбан шалып, қайырымдылық пен мейірімділіктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата- тілегін алып, алғысына бөленеді. Айт күндері балаларды қуанту үлкен сауап екені баршамызға мәлім. 

Алматы облысы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесінде  балаларда мәз мейрам болды. Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде  санитарлық нормаларды қатаң  сақтай отырып Алматы облысы Әйел қыздар секторының жетекшісі Аринова Мариям балаларды айтпен құттықтап сыйлықтарын табыстады.