Он екі айдың сұлтаны Рамазан айы, күндердің төресі қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен «Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны өткен болатын.

Сол игі шараның ізін еліміздегі көптеген мешіттер жалғастырып келеді. Солардың бірегейі Алматы облысы, Іле ауданының бас имамы Тәңірберген Дархан және аудандық зекет қорының ұйымдастыруымен «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде қайырымдылық марафоны бойынша 222 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. «Рамазан керуені» қайрымдылығы Іле ауданына қарасты елді-мекендердегі көпбалалы, аз қамтылған, жалғыз басты аналар мен мұқтаж отбасыларға таратылды. Рамазан керуеніне арнайы көліктер әзірленіп, мұқтаж отбасылардың үйлеріне азық-түлік жеткізілді. Ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар мешіт ұжымына және демеуші болған отандастарға риясыз өз ризашылықтарын білдірді.

Іле ауданының баспасөз қызметі.