Он екі айдың сұлтаны Рамазан айы, күндердің төресі қасиетті жұма күні Алматы облысы, Алматы аймағында «Рамазан керуені» қайрымдылық акциясы жалғасын тапты. Атап айтатын болсақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен «Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны өтті.

Алматы аймағы бойынша өкілі Наржанов Қуаныш Бақытбекұлының және зекет қорының ұйымдастыруымен Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде және аудандық орталықтарда «Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны бойынша 700 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Рамазан керуені қайрымдылық шарасы Алматы облысына қарасты шалғайда ораналасқан елді-мекендердегі әрі жалдамалы пәтерде тұратын көпбалалы,аз қамтылған, жалғыз басты аналар мен мұқтаж отбасыларға таратылды. Рамазан керуеніне арнайы көліктер әзірленіп, мүгедек және мұқтаж отбасылардың үйлеріне азық-түлік жеткізілді. Мұндай қайрымдылық шаралары әр өңірде жалағасып тұратын болмақ.

Алматы аймағының баспасөз қызметі