Жүз жылдығыңды ойласаң, ағаш ек!

Халқымызда «Атадан жақсы ұл туса елдің қамын жер, атадан жаман ұл туса елдің малын жер» - дейтін даналық бар. Өзгеге сая болу үшін әрі қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында тал егіп, табиғатты  аялау елімізде ертеден қалыптасқан дәстүр.

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар да: «Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады» - деген. Сондықтан да тал егудің пайдасы да, сауабы да мол.

Осы орайда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде түрлі игі іс-шара  қолға алынған  болатын.  Сол  игі шаралардың бірі  Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінен де бастау алып, қала және аудандарда  жалғасын тауып келеді. Алматы өңірі бойынша бас имамы  Қуаныш Бақытбекұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен жамағат болып сенбілік тазалығын Алла үйінен бастады. Мешіт ауласы мен жол жиектерін көгалдандырып көркейту мақсатында  85 жеміс ағаш, 5 шырша  ағаштарын  отырғызды.

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі.

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS