Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай «Үміт шуағы» қайырымдылық қорының қолдауымен 30 қала-ауыл мешіттеріне дыбыс күшейткіш құралдары мен сымсыз микрофондар сыйға берілді.

Бұл құралдардың ерекшелігі электр жарығы болмаған кез келген жерде пайдаланып, уағыз айтып, Құран оқу үшін пайдалануға болады. Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы қайырымдылық қор өкіліне алғысын жеткізіп, дыбыс күшейткіш құралдарын облыстағы аудан-ауыл имамдарға табыстады.

 

Алматы өңірінің баспасөз қызметі