Батыр имам құрметті азамат атағына ие болды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Алматы облысы,  Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық «Сәт» мешітінің бас имамы Ыбытаев Сейтқали қажы Есімбекұлына Алматы облысы, Қарасай аудандық мәслихат шешімімен «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Салтанатты жиынға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы қатысып, жиналған қауымға  ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтау сәлемін жеткізіп,  Қарғалы ауылдық «Сәт» мешітінің бас имамы  Сейтқали қажы Есімбекұлының дін саласына атқарып отырған жетістіктерін сөзге тиек етті. Алматы облысы, Қарасай ауданының әкімі Далабаев Жандарбек Ермекұлы батыр имамға құрмет көрсетіп, осы уақытқа дейін абыройлы қызмет атқарған  Сейтқали қажының еңбегін баяндап, кеудесіне төсбелгіні тағып, үлкен марапатпен құттықтады.

Алматы өңірінің баспасөз қызметі.

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS