Ұлы Раббымыз Адамға (ғ.с) білім бағыш ету арқылыдәрежесін періштелерден де жоғары көтергені  ақиқат. Бұл турасын қасиетті құранда: «Әрі (адамзаттың өзге жаратылыстардан үстемдігі жердегі

Алланың өкілі болуының хикіметін ұғындыру үшін) адамға барлық нәрсенің атауын (мән-мағынасымен қос) үйретті. Артынша оларды періштелерге көрсетіп! “Қане, айтқандарың рас болса, Маған мыналардың атауларын айтып (мән-мағынасан түсіндіріп) беріңдерші” – деді. (сонда періштелер өздерінің шарасыздығын мойындап): “Сен мінсізсің, ұлысың! Біз өзің үйреткеннен басқаны білмеймыз. Шүбәсіз, Алим (Сен барлық нәрсені толық білетін шексіз білім иесісің), Хаким (әр ісің мен әрбір үкімің хикіметке толы данасың)” – деді» (Бақара сүресі 31, 32-ыншы аяттар). Ислам ғұламалары аталмыш аяттаға Адамға (ғ.с) үйретілген білім қияметке дейінгі адамзаттың игеруге тиісті білім негіздерінің баршасын қамтыған деп түсіндіреді.

Міне осылайша Адам (ғ.с) атадан бастау алған білім оның ұрпақтарыа мұра болып жалғасын тапты. Алла Тағала әрбір кезеңде өмір сүрген адамзат қауымдары үшін таңдап жіберілген елшілерін айырқша біліммен қамтамасыз етіп отырды. Соңғы елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с) түсірілген, үкімі қияметке дейін жалғасатын құранның алғашқы аяты “Оқы!” деген бұйырық райымен түскен. Сонымен қатар, “ой жүгірту”, “ақыл жұмсау” “ғибырат ал”білімге байланысты көптеген аяттардан кездестіре аламыз. Мәсәлен қасиетті құранда: «Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің, сондай-ақ, білім нәсіп болғандардың дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді» деу (Мүжәдәла сүресі 11- аят) арқылы білімнің қадыр-қасиетін, артықшылығын әспеттейді.

Ал, ардақты Пайғамбарымз: «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, оған шариғатты терең білуді нәсіп етеді»– (Бухари, Муслим) деп, сүйіншілейді. Бұл хадистеі шариғат білімі тек қана исламдағы құлшылық мәселлері төңірегінде шектелмейді. Қайта, мынау тіршілік әлеміндегі адамзаттың баянды ғұмыр кешуі мақсат ете отырып адамдар құқы, қарым-қатынас мәселесі, дін аралық ахуалдар, жағрапия, астрономия, биолгия, математика, медетцина сынды ғылымдарды қамтыған күллі адамзат үшін жартылған игіліктерді Алланың жолына сай етіп реттейтін ғылым. Ғылымның қай саласы болсада адамдардың зянына қолданылмаса ол ғылм өз иесіне мәртебе силары хақ. Сондықтанда, дана халқымыз: «Білмдінің күні жарық, білімсіздің күні ғарыб», «Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен», «Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі білектей» дегенге ұқсас білімді ардақтайтын көптеген мақал-мателдер мен қанатты сөздер өсиет етен.Біз, әу баста-ақ, Алла Тағала Адамға (ғ.с) білім бағыш ету арқылы дәрежесін періштелерден жоғары еткенін айтқан болатынбыз. Ал енді, бұл дүниеде де, білім алуға талпынғандардың кенелетін игіліктерінің ұшан теңіз екендігін сүйкті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былайша баяндайды: «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолын жеңілдетеді. Періштелер де білім алушылардың талабына дән риза болып, аяғының астына қанаттарын жайіп, ізет көрсетеді. Сондай-ақ, жеті қабат аспан мен жердегі барлық жаратылыс атаулы, тіпті судағы балықтарда да, шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді. Ғалымның білмсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, шынайы ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам емес, тек қана ілім қалдырады. Кімде-кім сол ілімнен сусындаса, мол несібеге кенелгені» (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Ибн Мәжа).

Мінеки, білім иелерінің және білім жолына қадам басқан құлдың қол жеткізер сауабы айтып сөз жетпестей екені белгілі болды. Олай болса білім алудың да өзіндік  тартібін білу өте маңызды. Ең әуелі парыз айн болған білімді меңгеру. Парыз айн білімі –  ақыл-есі дұрыс, балиғатқа жеткен әрбір мұсылманға парыз болған білім. мәсәлен; мұсылманмын деген әрбір пенденің Жаратушысын тану, құлшылық қағидаларынан хабардар болу, адал мен арамды ажырата білу сынды білмесе болмайтын ислами заңдылықтар.Бұл турасында ардақты Пайғамбарымыз: «Білімді іздеу – әрбір мұсылман еркекке де, әйелге де – парыз» (Мүслим) деу, арқылы үмметтеріне білі алуды міндеттеген. Шариғат бойынша парыз айн білімін үйренбегені үшін күнәһар болады. 

Ал енді, Парыз кифая біліміне келер болсақ; Парыз кифая білімі –имани негіздері мен құлшылық қағидаларын тереңдей меңгеріп, белгілі деңгейге жету. Жаратылыс білімнің әр саласында қабілетті, білікті маман болу. Алайда, бұл түрдегі білім жалпы жұртшылыққа үзілді-кесілді міндет емес. Дегенменде, көпшілік қауымға жетекшілік етіу үшін бейімі бар, мүмкіндігі болған жеке тұлғаның ұмтылыс жасауы, ел-жұртының оған қолдау көрсетуы бұлтаруға болмайтын борыш. Егер парыз кифая білімін бір бөлім мұсылмандар жетік түрде білсе, олар сауапқа ие болады һәм өзге мұсылмандардың мойнындағы жауапкершілік түседі. Егер мұсылмандар арасынан белгілі бір ғылым саласының білгір ғалымы шықпаса, онда барлығы бірдей күнәаға кірптар болады. 

Білім алу  барысындағы тағы бір ескеретін маңызды мәселе; қайсыбір білім саласы болсада, сол білімді жақсы меңгерген мамандарынан үйрену немесе білмегендерін сұрау. Міне бұл білмнің бұлағынан суыснау, дұрыс бағыттан адаспаудың жарқын жолы. Жасы үлкен екен, мансабы жоғары екен, байлығы мол екен деп олардың білім иелерімен қатар қоятын жағдайларда жүз беріп жатады. Міне осындай шала түсінктің кесірінен қаншама орны толмас өкініштің болатын дәлелдеуді қажет етпейтын шындық.Сондықтанда Алла тағала: «Егер, білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар!» – (Әнбя сүресі 7- аят)деп әмір етеді.Келесі бір аятта: «Оларға: “Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?” – деп, айт!» (Зумәр сүресі 9- аят) деу, арқылы білімді мен білімсізді салыстыруға мүлде  ескертеді. Бұл турасында дана халқымыз: “көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”, “сұраған білім алар, ұялған кейін қалар” деп, кереметтей түйіндеген.

Қорта айтқанда, адамша ғұмыр кешіп, ел-жұртқа пайдамыз тиуі үшін, аты затына сай шынайы мұсылмыз десек білімнен артық білімге деген құштарлығымызды арттыра түсуден жақы жол жоқ. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп еткей!

Жұмабеков Жанабіл Ахметбекұлы
Кәдір Иманқұлтегі мешітінің имамы