Шыншылдық – адам баласын екі дүниеде бақытқа бөлейтын асыл қасиет. Шыншылдық – шынайылық, растық, адалдық, туралық сынды мағыналарды білдіреді.

Қасиетті құранда: «Алладан артық шынайы сөйлейтын кім бар» (Ниса сүресі 87- аят). «Алладан асқан шын сөзді айтатын кім бар» – (Ниса сүресі 122- аят) деп, ең әуелі Жаппар иеміз Өзі шыншылдықтың шыңы екенін паш етеді.Міне осы сәттехакім Абайдың: “Алланың өзіде рас, сөзі де рас,

Рас сөз еш уақытта жалған болмас” – деген, кереметтей түйіні еріксіз еске түседі.

Адамзат қауымының арасындағы таңдаулы болған барша пайғамбарларда кем болса болмайтын ерекше сипаттың біруі осы шыншылдық. Тұтас ғұмыры, тұла бойы ғибыратқа тұнған Пайғамбарымз (с.ғ.с) шындықтан қия баспауы нәтижесінде пайғамбарлық келмей тұрып-ақ, “Сенімді Мұхаммед” деген ұлы мәртебеге ие болған еді. Сөйтседе, Алла Тағала өзінің елшілернің бойындағы шыншылдық сипатты құранда: «Кітаптағы Ибраһимды (ғ.с)» есіңе ал! негізінде ол шыншыл пайғамбар еді» – (Мариям сүресі 41- аят) десе, келесі аятта: «Кітаптағы Идырсты (ғ.с) есіңе ал. негізінде ол шыншыл пайғамбар еді» – (Мариям сүресі 56- аят) деу, арқылы соңғы елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с)өзінен бұрынғы пайғамбарлардың шыншылдық қасиетін үлгі ретінде қайта-қайта ескертіп отырды.

Ал енді, осындайбір шыншылдықты ту еткен ардақты Пайғамбарымыздың сара жолында табандылық танытқансахабаларыда шамаларның барынша шындықтың шыңына өрмеледі. Мысал ретінде айтар болсақ; Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ең алғашқы болып иман еткендердің бірі һәм бірегейі болған, содан бастап саналаы ғұмырын ислам жолында сарып еткен Әбу Бакр еді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) исра және миғраж сапары хақында кейбіреулері сенседе, кейбіреулері күмәндарынан арылмаған еді. Тіпті, кейбіреулері мүлдем өтіркке шығарып, онымен қоймай Әбу Бәкірге “ Сен оның бір түнде Байту-л-мақдиске барып, таң атпастан оралғандығын рас демекпысың” – деп, сйқы-мазақ етпек болады. Сонда ол:“Оның несіне таң қаласыңдар? Алланың атымен аныт етейін, мен онан да зорғысын рас деп мойындаймын. Мен оның барып қайтқанын көктегі хабарларын шындық деп білемін”, – деп нық сеніммен жауап береді. Осы себепті де ол: “Әбу Бакр Әс-Сиддиқ” яғни “Шыншыл Әбу Бакр” деген абройлы атаққа лайық болған.Әбу Бакрдың өзіне тән артықшылықтары хақында көптеген хадистер кездеструге болады. Оған дән риза болған Пайғамбарымыз: «Расында, Алла Тағала Ибраһимды Өзіне дос тұтқандай, мені де Өзіне дос тұтты. Егер мен үмметімнен дос таңдар болсам, әлбетте Әбу Бакрды таңдар едім» – (Муслим) деп, жүрек сырын жайып салған болатын.

Алла Тағала өзіне иман еткен құлдарына: «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар һәм шыншылдармен бірге болыңдар» – (Тәубе сүресі 119-аят) деп, әмір етеді. Олай болса, шыншылдықты қалыптастырып, шыңдайдай түсу үшін мына бірқанша факторларға көңіл бөлу керек.

Біріншіден: бала кезден бастап шыншылдыққа  дағдылану. Әрине бұл жерде ата-ананың бұлтаруға болмайтын айқын жауапкершілігі жатыр. Бала тарбиесі  барысында қаншама қателіктер жіберіп жататынымз хақында хакім Абай: “Әулі балаңды өзің алдайсың: “...Әне, оны берем, міне, мұны берем” деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса кімнен көресің?...” – (Оныншы сөз) деп, қадап айтады. Айтып-айтпай-ақ, бала ғой деп алдай салуды әдетке айналдырғанымыз өтрік емес қой. Тіпті, қазргі таңда баланың өзін ғана алдап қоймай, “әкем немесе шешем үйде жоқ. Телефонфны үйде қалып кетіпті”- деген сияқты сөздер үйретіп өзгелерді алдауға, өтрікке тәрбиелеп жатқанымзды сезбеймыз-ау.

Міне бұл, бала тәрбиесіне деген  салғырттық.Біле білсек баламызға жасаған ауыр қиянат. Өиткені, дана халқымыз: «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сияқты тәлім-тәрбиеге түнған өнегелі өсиеттер айтып кетті емеспе? Қане, біздің берген тәрбиеміз осы өсиеттерге лайық па екен? Өз балаң болсада алдауға болмайтындығы турасында Абдуллаһ ибн Амр (р.д.ғ)атты сахаба былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздің үйде отырғанда анам мені шақырып:  – “Кел, саған бір нәрсе берейін”, – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) анамнан: “Оған не бермексың?” – деп, сұрады. Анам: “Бір құрма бермекшы едім” – дегенде, Пайғамбарымыз: (с.ғ.с) –  “Егер оған бір нәрсе бермегеніңде саған өтрік айтқанның күнәсі жазылар еді”, – деп, ескертті» (Әбу Дәут, Ахмад). Мінеки, бұл хадистен баланы алдау онған теріс тәрбие берумен қатар күнәға кіріптар ететін көреміз.

Екіншіден:дұғада болу. Шыншылдықтан шет қалмау үшін үздіксіз Алланың жәрдемі мен жеңілдігіне мұқтаж екендігімізді ұмытпай, Жаппар иемізге жалбарнуымыз қажет. Бұл турасында Алла Тағала сүйкті елшісіне: «(Мұхаммед) былай деп айт: “Раббым! Маған қандай бір жерге қадам басқанымда, хақ мақсатпен, шынайы ниетпен, һәм Өзіңе шын берілген күйде кіруді, сондай-ақ, ол жерден шығарда да хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде шығуды нәсіп еткейсің. Әрі Өз тарапыңнан маған зор күш-қуат, көмек бере гөр”» – (Исра сүресі 80- аят) деп, бұйырады. Көріп отырғанымыздай Алла Тағала екі әлемның ардақтысы болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзіне шындықтан айнымау үшін Өзіне жалбарнып дұға етуді әмір етті. Олай болса, біздер тіпті де дұға жасауда босаңсымауымыз керек.

Үшіншіден: шыншылдықтың сүйіншысы тек қана жәннат екенін естен шығармау. Шындықты барлық адам жақсы көргенмен, оның жапа-машақаты мен азабына төзіп, аурытпалығын арқалап жүру әркімнің қолынан келе бермесы ақиқат. Тіпті, кейде шындық жолында жүргендердің зұлымдықтың отына күйіп, жалғандықтың, жасандылықтың салтанат құратын шақтары да болады. Алайда, баһадұр бабамыз Бауыржан Момышұлың: «Өтірктің балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген арты»–дегеніндей, шындық жолындағы қандайдабір қиындықтарға мойымаған пенденің бойына шыншылдық қасиетінің қалыптасуы шүбәсіз. Бұл турасындаардақты Пайғамбарымыз: «Расында, шыншылдық жақсылыққа алып келеді, ал, жақсылық жаннатқа алып келеді. Адам тек қана шындық сөйлейтін болса, Алла алдында “шыншыл” деп жазылады. Ақиқатында өтірік күнәһарлыққа алып келеді, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлей беріп, кейін Алланың алдында “өтірікші” деп жазылады» – (Бұхари, Муслим) деп,өсиет ету арқылы шындық жолына шабыттандырп, өтірктен сақтандырады. 

Ал, шындықтың ақыреттегі теңдессіз си-сяапаты хақында қасиетті құранда: «Сонда Алла былай дейді: “Бұл күн – турашылдардың шын сөздері өздерінің пайдасына жарайтын ұлы күн. Олар үшін астынан өзенде ағып жататын жаннат бақшалары бар. Олар онда мәңі-бақи қалып бақытты ғұмыр кешеді. Алла оларға разы, оларда Алла дән риза. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс міне осы”» – (Әнғам сүресі 119- аят) деп сүйіншілеген.

Шындықты айтқанның жөні осы екен деп біреудің айыбын ашу, тырнақ астынан кір іздеу немесе ешқандай пайдасы болмаған ақпараттарды таратып ел-жұртты шулату шындық болмақ түгіл күнәға батыратын бүлік болады. Сонымен қатар, “шындықты сүйемін”, “шындық менің ұраным”, “шындық үшін жан пида” деп көпіріп жүргендермен өмір бойы шындық жолында күресіп келемін деп даурығатындардың шындықтың исін де сезбетен даңғаз тірліктің әлегінде жүргені өкінішті-ақ. Бейне, ақ иық ақын М. Мақатаетың: 

“Шындық деген – шымылдық біреулерге,

Қалақан қылып шындықты жүрер пенде.

Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып, бейшара кірер жерге” – деп,

 жырлағанындай.

Негізінде, шындық деген –  Хақты танып, Оның жолында жүру. Ақыреттің азығын дайындайтын мынау бес күндік өмірдің жалған екенін шынайы түсініп, шын өмірге яғни мәңгілік өмірге қамдану. Ырқыңа көнбестен бұлжытпа атқарылып, өзіне бағындыратын, ащы шындық өлімге дайындалу емеспе?

Алла Тағала баршамызды шыншылдардың қатарынан болуды нәсіп еткей!  

 

Қызырғазы Мәлікұлы,
Қарасай ауданы Үштерек ауылы «Үштерек ауылдық мешітінің» Бас имамы