Алматы облысында мұсылманның ұлық мейрамы, қазақ халқының төл мерекесі құрбан айт күні таң шапағымен жарыса отырып Алланың үйіне бет алған қала, ауыл тұрғындарының санында есеп жоқ.

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында бас имам Мадияр Пірімқұлов жамағаты мен қала тұрғындарын күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтап, Құрбан айт мерекесінің дініміз бен салт-дәстүріміздегі орнын, құрбан шалудың шарттары мен сауабына тоқталды. Құрбан айт намазында бас имам Мадияр Пірімқұлов Аллаға шүкірлік айтып, тәкбірмен Алланы ұлықтап, еліміздің амандығын, тәуелсіздігіміздің тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқтады.

Алматы облысына қарасты мешіттердің ауласында мешіт қонақтары үшін арнайы әзірленген мерекелік шаралар жалғасын тапты. Мешіт ауласында тігілген киіз үйде қадірлі қонақтар мен ақсақалдар дастарханнан дәм татып, өздерінің ақ тілектерін арнап, құтты болсын айтты.Мешіт жамағаты арасында арқан тартыс, кір тасын көтеру,қошқар көтеру, үстел теннисі сынды спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.Түрлі жарыстарда бағын сынап,жеңімпаз болғандарға қаржылай және көлімді сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндерде айттықтан қалыс қалмай балмұздақ, тәттілер және түрлі сыйлықтар мен ойын алаңдарымен қуана қауышты десекте болады. 5000 аса бүлдіршін мен жас жеткіншектерге айттық қоржындар тарту етілді.Құрбан айт күндері Алматы облысы бойынша 719 қой, 30 ірі қара шалынып, 4 353 отбасыға таратылды. Күңіл күйлері көтеріңкі болған қала,ауыл тұрғындары тамашалаған мерекелік іс-шаралардан қимастықпен қоштасты. Қалың жұртшылық бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мәре-сәре күйге бөленді.

Алматы облысының баспасөз қызметі