Құран – Алланың кәләмі, адамзатқа тура жолды нұсқаушы, мұсылманның екі дүниесін нұрландырушы қасиетті кітап. Құран Кәрімнің бірінші танытатын нысаны - Жаратушы Жаббар иеміз Алла тағала.

Ал, екінші нысаны - адамды азғырушы әзәзіл Шайтан және оның адамзат тарихында жасаған қылмыстарын көрсетеді. Құран ізгілер мен күнәхарлардың тарихын үлгі ете отырып, барлық замандағы қоғамға жол көрсетуші шырағдан. Жақсылық пен жамандықтың ара-жігі, ғылым мен білім, надандықтың зардабы, эсхотология (өлімнен кейінгі өмір) технократия, логика, филосифия, математика, химия, зоология, биология, жаратылыстану, эканомика және тағы басқа ғылым салаларын Құран мәтіндердің астарында сілтеме арқылы толығымен қамтылған. Құранды жаттау әрі оны түсінуге әрекет жасау Алланың разылығына, ғылымға, мәдениетке, өркениетке бастауы ләзім, олай болмағанда талас-тартыс, ұрыс-керіс, мақтаншақтық, өркениетті әлемнен регресске (кері кетуге) бет алады.

Құранды оқу, жаттау кәдәуілгі Исламдағы ғибадат деп саналады, қарилықтың үкімі сүннет. Алла тағала Құранда: «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленерсіңдер» десе[1.7.204 аят]. Мұхаммед пайғамбар )с.а.у( «Сендердің ең жақсыларың Құранды оқып оны үйреткендерің» деген болса, тағы бір хабарда «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған періштелермен бірге болады» дейді. Пайғамбарымыздың )с.а.у(: «Сендердің ең жақсыларың Құранды оқып оны үйреткендерің» деген хадисі жай оқу емес жауапкершілікпен Құран ғылымдарына, аяттардың шығатын үкімдеріне, мухкам және муташабиһ аяттарға мән бере отырып, ұстаздардың әдіс-тәсілдеріме неше түрлі секталардың құрамына кіріп кетпей ғылыммен игергені абзал.  Абай Құнанбайұлы бір қара сөзінде былай деген: «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» [2. 10 б]. Құрандыда айқындалған ғылыммен және жауаптылықпен игерсе нұр үстіне нұр болады.  Сол себепті Имам ұстаздардың болашақ қариларға жауапкершілік әуелі ниеттен басталады деуінің мәні осыда. 

Қарапайым мұсылман адам Құранды оқып-үйренуге тырысуы қажет һәм қолынан келгенше жаттауы ләзім Себебі: Cоңғы Пайғамбарымыз )с.а.у( «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды»,-  деген [3].  Осыған байланысты еліміздегі әр мұсылман тілге жатық қысқа сүрелерді мешіт ғалымынан үйреніп алуына ешқандай кедергі жоқ. Бұл жұмыстарды Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы әр мешіттің жанында сауат ашу курстарын ұйымдастырып, ерлер мен әйелдерге ұстаз тағайындап ретіне келтірген.

Ал, Құранды жаттаушы ниетіне қарай, жатталған әр әріпіне жақсылықтан алады. Имам әт-Тирмизи Абдулла ибн Масғуттан жеткізген хадисте Алланың кәләмін оқыған адам үшін болатын сауапты сипаттап: Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у)  «Кімде кім Алланың кітабынан бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Ал бір жақсылыққа он есе етіп сауап беріледі. Мен «әлиф ләм мим» бір әріп демеймін. Керісінше, «әлиф» бір әріп, «ләм» бір әріп «мим» бір әріп» деймін»,- деген. Сонда Алла тағаланың кәләмін таза жүрекпен, жақсы ниетпен ежіктеп оқығанға да, жатқа әуездетіп оқығанға да, тіпті мағынасын түсінбей оқушығада Жаратқан иеміз сауаптан жазып, рақымына бөлейді. Ниеті бұзық «Қареке» атағын алам деген  адамға Жаббар Хақтың наразылығы болмақ. Бұл ниеттен аулақ болған жөн.

 

Мамырбаев Д. Ж.,
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Тұрар ауылының «Дәмен ана»
мешітінің наиб имамы.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Анарбаев Н. Құран Кәрім (қазақша түсіндірмелі аударма) Дәуір баспасы. Алматы 2020 ж. 624 б.
  2. Абай Құнанбайұлы «Қара сөздер» 10 қара сөзі
  3. Тирмизи және Ахмад Ибн Аббастан