Ислам діні мұсылмандар арасында рухани бауырластық  байланыс жүйесін құрды.  Бұл бауырластық ата-анасы  бір бауырластықтанда маңызды.

Мұсылмандар бір-біріне тек қана бауыр болып табылады, бұл бауырластықта мемлекет, нәсіл, ұлт және ру маңызды емес. Бұл бауырластық жалғасады екен дүние әр қашанда тыныштық ішінде болады. Мұсылмандар тек өз қарабасының қамын ойлайтын бір қауым емес әрине Жаратушының алдындағы міндеттерімізден жеке-жеке сұралатын болсақта мұсылман бауырларымыздың алдындағы міндеттерімізден де Алладан сұралатындығымыздыда естен шығармауымыз керек, олардың алдында атқаруға тиісті міндеттерімізді Алланың бізге жүктеген парыздары екенін еске сақтай отырып олардың хаққын беруге мән беруіміз керек. Пайғамбарымыз заманындағы Аңсар - мұхажир бауырластығы біз үшін маңызды үлгі, өрнек. Пайғамбардың Үмбеті сахабалардың мирасқоры болып табылатын біздер сол бауырластықты күнімізде де жандандырумыз керек. Себебі кемел мұсылман болудың жолы, дүниеде және ақыретте бақытқа жету.  Біз мұсылмандар бір-бірімізге бауырмыз , бір-біріміздің алдымызда атқаруға тиісті міндеттеріміз бар. Қандай бір бауырластық десеңіз!  Өзіңізге қалаған затты мұсылман бауырыңызға қалайтын бауырлық. Бір мұсылман ретінде өзіміз қандай қарым-қатынас жасауды қаласақ мұсылман бауырыңызға да сондай қарым- қатынаста болуымыз керек. Өзіміз ұнатпайтын затты, қарым- қатынасты басқаға жасау адамдыққа да жат әрі пайғамбарымыз да бұдан бізді қайтарған. Бір хадис шәрифте пайғамбарымыз былай дейді " Кімде кім тозақтан құтылып жәннатқа кіруді қаласа Аллаға және ақыретке шынайы сеніп өлімін күтсін, сонымен бірге басқалардан өзіне қандай мәмле қаласа басқаларға солай мәмле жасасын. Мұсылман мұсылманның бауыры , бұл бауырластық Алла тағала тарапынан бекітілген, бұл жайында Хұжүрет сүресінде "Анығында мұсылмандар бір - біріне бауыр, олай болса араларындағы ренжіскендерді татуластырыңдар" делінген. Сүйікті пайғамбарымыз мұсылмандар арасындағы болуы керек болған бауырластықты былай деп баяндайды, "Мұсылман мұсылманның бауыры, оған залымдық жасамайды, зарар бермейді, оны дұшпанның қолыңда тастамайды, мұсылман бауырының қажеттілігін қамтамасыз етсе Алла Тағала оның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Егерде мұсылман бауырының бар қиыншылығына көмектессе Алла Тағала ол адамның қиямет күні оның бір киыншылығын кетіреді. Кім мұсылман бауырының айыбын жасырса Алла Тағала да оның айыбын жасырады .

Мұсылман мұсылманға өтірік айтпайды және ол туралы жалған куәлік етпейді. Өкінішке орай күнімізде ең көп жасайтын қателіктердің бірі осы өтірік айту, қаншалықты дұрыс емес екенін білсекте бірақ мән бермейміз. Құран кәрімде Алла Тағала былай дейді "Олар өтірік затқа куәлік етпейді, пайдасыз затқа кездескен кезде теріс айналып кетеді”

Исламдағы бауырластықтың келесі аспектісі – бауырына демеу болу, оған жәрдем көрсету. Егер мұсылман бауыры қиын жағдайға тап болса, басқалары оған қолынан келгенше сөзімен және мүлкімен жәрдем көрсетеді.

Мейірім мен рақымшылық – Исламдағы бауырластықтың келесі баспалдақтары. Бұл мұсылмандар арасындағы жай ғана махаббат емес, бұл мұсылман бауырын түсіне білу және онымен бірге мазасыздану қабілеті.

Исламдағы бірін-бірі жақсы көрудің келесі баспалдағы – адамдардың өзара сыйластығы мен сыпайылығы. Бауырластық тек сөз жүзінде қалып қоймауы қажет. Исламдағы жақсы сипаттардың бірі – адамның сөзіне сайкес амал етуі, яғни айтылған сөзді іс жүзінде қолдану. Ол үшін адамның бір жаңалықтарды ойлап шығаруы қажет емес, бар болғаны пайғамбардың көрсетіп кеткен сара жолымен жүру, соған сәйкес амал ету .

Пайғамбардың (с.ғ.с.) келесі бір хадисі бар:«Мұсылманның бауыры алдында алты міндеті бар. Олар: оның берген сәлеміне жауап беру; шақырылған жерге бару; егер бауыры кеңеске мұқтаж болса, онда оған  шынайы кеңес беру; егер бауыры түшкіріп, «әл-хамду лиллә» (Аллаға шүкір) десе, оған «ярхамука Алла» (Алла сені жарылқасын), – деп жауап беру; егер ол ауырып қалса, оны зиярат ету; егер бауыры қайтыс болса, оның жаназа намазына қатысу».

Әрине, Исламдағы бауырластықтың шарттары осы алты талаппен түгемейді. Бұлардың тысында да мұсылман бауыры үшін не істеуі қажет екенін көрсететін  көптеген хадистер бар. Мысалы мынадай хадис бар:

«Егер кім сендерден өз бауырын Алла үшін жақсы көрсе, онда оған жақсы көретінін айтсын». Оны Алла үшін сыйлайтынын айтып, жақсы қарым-қатынас жасауға шақырады.

Расында да Ислам адамдар арасын түрлі жолдармен біріктіреді. Солардың бірі Алла

Имам Термезидің жинағында Муғаз ибн Жәбәлдің мынадай хадисі келеді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Алла! Маған Өз махаббатыңды, Сені сүйген пенделеріңнің махаббатын, Сенің махаббатыңа жақындататын амалды жақсы көруімді нәсіп ет! Махаббатыңды маған салқын судан да жақсы көрсет!», – деп дұға қылатын» – дейді.

Келесі хадисте: «Жаным уысында болған Затқа қасам етемін! Сендер иман келтірмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтіре алмайсыңдар. Сендерге көмек беретін нәрсе туралы айтайын ба, ол – өз араларыңда сәлемді тарқатыңдар», – деп айтқан.

Хадистің арабша нұсқасында «әфшус –сәләма» деп келеді, қазақша мағынасы – сәлемді тарқатыңдар. Араб тіліндегі «сәләм» сөзінің келесі мағынасы – бейбітшілік. Сондықтан хадистегі «әфшус –сәләма» сөз тіркесі – бейбітшілікті тарқатыңдар – деген мағынаны да білдуруі әбден мүмкін. Сол себепті бұл хадистің басқа аудармаларында бейбітшілікті тарқатыңдар деп келеді. Мұндағы бейбітшілік дегеніміз – адамдар арасында махаббат орнататын барлық ізгі амалдар, жақсы сөздер. Яғни, хадистің түпкі мағынасы, адамдар бір-бірінің арасында сәлем беріп, жақсы сөздер айтып, ізгі амалдар жасасын дегенді білдіреді.  

Расында да Ислам адамдар арасын түрлі жолдармен біріктіреді. Солардың бірі Алла үшін жақсы көру. Бізде халық арасында «Құдай үшін»  немесе «Құдайдан қайтады» деген сияқты сөз тіркестерінің де шығу тегі осындай мағынадағы аят-хадистерге байланысты болса керек.

Исабол М.,
Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы»
мешітінің бас имамы.