Алматы облысы бас имамының орынбасары, Қарасай ауданының «Түркістан» мешітінің бас имамы - Дәуренбек Жандосұлының қатысуымен Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, А. Байжанов ОМ 10-11 сынып мектеп оқушылары арасында «Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы жастарға өзінің пайдалы уағыз-насихаттарын айтып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар берді. Мектеп оқушылары өздеріне керек сұрақтарын қойып, сұрақтарына толық және дұрыс жауап алды.

Басты мақсатымыз - теріс діни ағымдардан сақ болуға шақыру, түрлі теріс бағыттағы діни экстремизм, терроризм сынды бағыттарға жоламауға үйрету, шынайы пат­риоттық сезіммен рухтанып, қасиетті тəуел­сіздігімізді одан əрі нығайта түсу. Жастардың уақытын үнемді өткізу. Әлеуметтік желіні орынды пайдалану. Адамгершілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Діннің тарихын, мәнін түсіну және оның қоғамда алатын орнын анықтау.

Жоспарымызға сәйкес алдағы уақытта аталмыш іс-шара жалғасатын болады.