Қарасай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы аудандық ардагерлер ұйымы  мен қоғамдық кеңес мүшелері отырысына қатысты. Кеңес мүшелерімен және ақсақалдармен аудандағы діни ахуалды талқыланып, діни тұрақтылық сөз болды.

Қанаты қатпаған жас буын өкілдерін жат ағымдардан сақтау мәселесі көтеріліп, дін мен дәстүр аясында тәрбиелеу жолдары пысықталды. Дін өкілдері мен бұқара халық арасындағы мәміле, түйіткілді жайттарды сүннет бойынша, бабалар жолымен ақылдасып шешу болып тұрған өзекті мәселеге де шолу жасалынды.  Жиналған қауымды бас имам Рамазан айымен құттықтап, орталық комммуникациялар қызметінде Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өткізген мәлімдемесінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Ауданымыздың белсенді қарияларына ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Толық адам» және «Ихсан» кітәптары таныстырылып, негізгі концепциясы түсіндіріліп, кеңес мүшелеріне сыйға тартылды.