Рақышев Данияр Қалмақбайұлы        

1975 жылы 17 шілдеде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі

1982-1992 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам орта мектебін бітірген.

1994-1996 жылы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы, Мерке медресесін бітірген.

2000-2005 жылдары «Қазақ-араб экономика консалтинг» университетін бітірген.

2006- жылы ҚМДБ-ның жанындағы Республикалық имамдардың білім жітілдіру институтын оқыды.

2017 - жылы қазан, қараша айларында Нұрсұлтан қаласындағы «ҚМДБ  имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеру республикалық орталығында» оқыды.

 

Еңбек жолы:

1997-2014 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылдық мешітінде бас имам қызметін атқарды.

2014-2021 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр аудандық Шонжы №1 мешітінде Бас имам қызметін атқарып келеді.

 

Үйленген, бес баласы бар.

 

Марапаттары:

Алғыс хат. ҚМДБ Алматы облысы, Алматы өңірі, Облыстық «Қарасай батыр» мешіті, бас имам Абсаматов М. 2009 -жыл.

Алғыс хат. Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылы әкімінің алғыс хаты. 2010-жыл

Сертификат. ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов С. Шамалған 2013 -жыл.

Сертификат. ҚМДБ Алматы облысы, Алматы өңірі, облыстық «Қарасай батыр» мешіті, бас имам Аташов А. Шамалған 2013- жыл.

«Үздік діни қызметкер» номинациясы. Алматы облысы әкімі Баталов А. Талдықорған 2018 жыл.