Турежанов Нұрдәулет Тоқанұлы,
Арнайы пән мұғалімі


1982 жылы 14 қараша күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылында дүниеге келді. Ұлты-қазақ.

Білімі:
1999  жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылы, « Кенен Әзірбаев» атындағы №44  орта мектепті бітірген;
1999-2000 жылы Алматы облысы, « Шет тілдер оқыту орталығы»;

2000-2004 ж.ж. Халықаралық Қазақ-Араб университетін «Араб тілі және дінтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты;
2004-2006 ж.ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті,философия  факультеті «Дінтану» біліктілігі бойынша  магистр академиялық дәрежесін алған;
 2008 жылы Түркия мемлекеті, Ыстанбул қаласында дін саласында тәжірбиелік біліктілігін арттырды.
2013 жылы  БАӘ « Мунтадал әл- Ислам »  институтында білімін  жетілдірді.

Еңбек жолы:
2007-2011 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы «Шет тілдер оқу орталығы» мекемесінде араб тілі және дінтану мамандығы бойынша ұстаз, тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2011-2012 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы «Майбұлақ» мешітінің наиб имамы.
2012-2015 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл аудандық орталық мешітінің наиб  имамы.
2015-2016 ж.ж.  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық мешітінің бас имамы.
2017-2018 ж.ж.  Алматы облысы, Жамбыл аудандық орталық «Шынасыл» мешітіннің  бірінші наиб  имамы.
2018-2020 ж.ж.  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы  «Uzynagash»  мешітінің бас имамы.
14.02.2020 ж.  Алматы облыстық « Қарасай батыр » мешітінің наиб имамы.
08.08.2020 жылдан бастап Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің наиб имамы қызметін сақтай отырып, «Үшқоңыр медресе-колледжі» жеке мекемесінің арнайы пән мұғалімі және Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылдық «Халифа қажы Алтай» мешітінің Бас имамдық қызметін атқарып келеді.

Отбасылы,  төрт  ұлы  бар.