Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әр жылдары қабылдаған құжаттарын кеңінен таныстыру мақсатында, әйел ұстаздарға арналған семинар өтті.

Семинарды ұйымдастырушы «Шынасыл» мешітінің бас имамы Исламханов Қалжан Әрібжанұлы жиналғандарға діни басқарманың «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар мен міндеттер»,  «Дін қызметкері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және т.б. тақырыптардағы құжаттарды кеңінен таныстырып болған соң, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешітінің баспа және баспасөзбен байланыс қызметі