Жамбыл аудандық орталық «Шынасыл» мешітінде «Жақыныңа жылулық сыйла» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қайырымдылық қорының мұрындық болуымен өткен акция аясында көмекке мұқтаж көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.  

Мешітке жиналған қауымның алдында сөз алған аудан бас имамы Қалжан Әрібжанұлы садақа берудің маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтып, аталмыш ізгі шараны өткізуге демеушілік жасаған кәсіпкер азамат пен бақша өнімдерінен үсірін берген дихандарға алғысын білдірді.