ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Діни басқарманың қызметкерлері, ұстаздары мен ғалымдары Республикалық Бас мешітте уағыз-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Атап айтар болсақ, осы аптада ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Бауыржан Абдуалиев «Ихсан ілімі» (25 тамыз), Медет Құрсақов «Ислам ғибадаты» (26 тамыз) және «Зекет және қайырымдылық» қорының сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев орыс тілінде «Озаренные сердца» (28 тамыз) тақырыбында уағыз-насихат айтады.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Тәпсір тұнығы», наиб мүфтилер Ершат қажы Оңғар «Пайғамбарлар тарихы», Сансызбай қажы Құрбанұлы «Алла Тағаланың көркем есімдері», Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбек «Ислам тарихы», Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Хадис тағылымы», Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл «Иман негіздері» тақырыптарында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Уағыздар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.