Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Кенжеәлі қажы  Қоңыратбайұлы баспаналары өрттенген Алматы  облысы, Талғар ауданы, Төңкеріс   ауылына барды. Наиб мүфти ҚМДБ-ның төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп,   тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп,  сабырға шақырып,  Алладан жеңілдік тіледі.

«Еліміздегі  мұсылман қауымы мен халқымыздың  сіздердің отбасыларыңызға дұға жасап, Жаратушының қалауымен 3 күнде 23 миллион тенге қаражат жиналды. Сол аманатты өздеріңізге табыстауға рұқсат етіңіздер. Алла Тағала  бұл сынақтың соңын жақсылыққа, қуанышқа ұластырғай. Сіздерге ендігі ретте қоныс тойына келуді нәсіп еткей!» деді Кенжеәлі қажы  Қоңыратбайұлы. Айта кетсек,  30 қарашада Алматы  облысы, Талғар ауданы, Төңкеріс   ауылында оқыс оқиға болып, электр тоғының  салдарынан 8 пәтерлі жеке үй өртеніп, 34 адам баспаныз қалды.

 Алматы аймағы бойынша баспасөз қызметі.