Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты мешіттер арасында көшпелі жиналыс басталды.
Қарасай аудандық «Түркістан» мешітінің бас имамы Жандосұлы Дәуренбек қажының бастамасымен ауданға қарасты мешіттер арасында айлық көшпелі жиналысы қолға алынды. Ауыл-аймақтар мен шалғайда орналасқан елді-мекендердегі мешіттердің жағдайымен танысу әрі тәжірбие алмасу мақсатында көшпелі жиынның берері көп екендігі мәлім.
Олай болатын болса алғашқы көшпелі жиналыс Қаскелең қалалық « Көжекбай » мешітінде болды. Жиналыс барысында қазыргі қмдб-ның негізгі тапсырмалары түсіндірілді. Атап айтатын болсақ ихсан ілімі,оңалту,халал,пәтуә,ақпарат және қоғам бөлімдеріне байланысты есептер тыңдалды. Мүфтият және өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, мешіттердегі онлайн уағыз-насихат және діни сауат ашу курстарының жұмысы, кереғар ағым өкілдерімен жұмысты жан-жақты жүргізу жұмысын жандандыру барысы т.б. мәселелер қаралды. Имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Қарасай ауданы бойынша баспасөз қызметі.