Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Бас мүфтидің бастамасымен және Алматы аймағының бас имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Алматы аймағының  имамдары мен ерікті жамағаты 

аймақтағы елді-мекендердегі көпбалалы, аз қамтылған, жалғыз басты аналар мен мұқтаж  отбасыларға  азық тартты. Қайрымдылық жұмыстарына   арнайы көліктер әзірленіп, мұқтаж отбасылардың үйлеріне азық-түлік жеткізілді.

Қасиетті айда қайрымдылыққа Қарасай ,Іле, Талғар, Жамбыл, Қапшағай, Балқаш, Ұйғыр, Кеген, Райымбек  аудандарының  мешіттері ерекше атсалысып, белсене кіріскендерінің  нәтижесінде  Рамазан  айында  6500 отбасына  азық-түлік  себеті  таратылды.

Алматы аймағы бойынша баспасөз қызметі.